05 қаз, 2022 сағат 18:32

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды

көрнекі сурет

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құқықбұзушылар Алматы әуежайында анықталған. Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары. Ерлі-зайыптыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

"Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен құқықбұзушыларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару түрінде жауапқа тартылды", - деді Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Мадияр Айтуғанов.

Айта кетейік, биыл көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 986 азамат, оның 38-і қос азаматтық үшін жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылған.