Фото ©REUTERS
Мұнай бағасы өсіп жатыр. Бұған Ресейге қарсы енгізілген санкциялар әсер етіп жатыр. Бұл ақпарат Лондон биржасындағы сауда деректері бойынша расталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан уақытымен 11.54-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы 4,667 пайызға, барреліне 102,5 долларға дейін, Brent-тің мамыр фьючерстерінің бағасы 5,291 пайызға, 99,1 долларға дейін өсті. Сәуірдегі WTI фьючерстері 5,459 пайызға, барреліне 96,59 долларға дейін өсті.