27 қыр, 2022 сағат 09:20

Ресейдегі атыс: қаза тапқандар саны тағы артты


Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, оның 11-і бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адам зардап шеккенін, оның он бесі қайтыс болғанын анықтады, оның ішінде 11 бала және 4 ересек адам. 24 адам зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам", - делінген хабарламада.

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Удмуртия республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.