27 шіл, 2022 сағат 10:08

Ресей думасына Украинаны "террористік мемлекет" деп тану туралы заң жобасы түсті


Ресей мемлекеттік думасына Украинаны "террористік мемлекет" деп тану жөніндегі заң жобасы келіп түсті. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі "Справедливая Россия - За правду" фракциясының жетекшісі Сергей Мироновтың сөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Заң жобасын әзірлеген де осы фракция екен.

Жобамен танысып шыққан РИА Новости агенттігі онда "терроризмге демеушілік" еткен елдерді де "террористік" деп тану жөнінде бап барын айтады. Атап айтқанда, Украинаға әскери көмек көрсеткен елдер. Мұндай елдердің тізімін жасау Ресей үкіметіне тапсырылған.

Құжатқа сәйкес, "елді мекендерге жарылыс жасап, адам өміріне қауіп төндірген", "заңсыз қарулы қылмыстық топ құрған", "Ресейдің территориялық тұтастығын бұзған немесе соған үндеген" мемлекеттер "террористік" деп танылады.

Заң жобасына сәйкес, "террористік" деп танылған елдермен Ресей барлық дипломатиялық қарым-қатынасты үзеді. Сонымен бірге сол елдің азаматтарының дүние-мүлкі тәркіленеді.