Applied Economic Research Centre бас директоры Жәнібек Айғазин Ресей банктерінің SWIFT-тен ажыратылуының Қазақстанға қандай әсері болатындығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«SWIFT-тен ажыратылудың оң да, теріс де жағы бар. Компанияларға сауда жасап, экспорт пен импортт жүзеге асыру қажет. Сондықтан қолма-қол қаражатты пайдалануға тура келеді. Бірақ, оның кемінде қандай көлемде болатындығын айту қиын. Мәселен, А компаниясы (шартты түрде ресейлік) Кипрде орналасқан компанияға тауар сатады. Олар бір-бірімен төлемде қалай жүзеге асырады? Өйткені, банктер бір-бірімен байланыста болуы керек. Банктер SWIFT арқылы ақпарат пен қаражат алмасады», - деді сарапшы.
Оның атап өтуінше, сөз мемлекеттік қарыз, Орталық банктің операциялары, оның ішінде экспорттық-импорттық операциялар жайында болып отыр.
«Менің білуімше, ресейліктер газға арқа сүйей алады. Әйтпесе, бүкіл Еуропа қатып қалады. Өйткені, Еуропадаға газдың 40 пайызы – ресейлік өнім. Катар, АҚШ және Австралия әзірше Еуропаға қажетті газды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты дәл осы газ келісімшартар төлемге қатысты болмайтын сияқты. Алайда, Газпроммен санаулы ғана банк жұмыс істейді. Өзара төлем қандай да бір «гаван» арқылы жүзеге асырылатын сияқты. Яғни, қайта тіркеп, басқа бір елде есепшот ашу қажет. Оффшорлық аймақтар бар. Бірақ, ол жақта да проблема туындауы ықтимал», - деді Жәнібек Айғазин.
Оның атап өтуінше, компаниялардың қайтадан тіркеудің орны Қазақстан бола алады. Өйткені, географиялық тұрғыда оңтайлы орналасқан.
«Соған байлансты Қазақстанда компанияны қайта тіркеу жеңіл. Дегенмен, бізге бұл ретте ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан да ескеру қажет. Сол үшін аталған компанияларға тіркеу бөлігінде қандай да лимиттік шек жасау керек. Мәселен, отбасының бір мүшесі 100 мың доллар деген сияқты. Бізге де инвестиция керек. Бірақ, рубльмен емес доллармен. Рубль мен теңгеге қатысты ахуал жайында айтар болсақ, бұл – проблема. Өйткені сыртқы сауданың басым бөлігі Ресейге тиесілі. Қазіргі уақытта Ресейдің Орталық банкінде курс бағамын қолдау бойынша еркін конвертацияланатын валюта үшін ресурсы шектеулі. 640 млрд доллар валюталық резервінің бір бөлігіне, шамамен 200-300 млрд долларына ғана қол жеткізе алады. Бұл қаражат біткен соң не болмақ? Орталық банкке әзірше алтынмен операция жасауға тыйым салынбаған. Бірақ, «алтын стандарты» кезіндегідей алтынның троиск ункциясы құнына рубльді бекіте алмайды», - деді сарапшы.