17 ақп, 2022 сағат 15:39

Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП басшысының міндетін атқарушы болды


«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелері «Атамекен» ҰКП кезектен тыс IX съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушыны таңдады, деп хабарлайды Палатаның ресми сайты.

Ұлттық палата төралқасының мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов Төралқаның міндетін атқарушы болады. Төралқа төрағасы «Атамекен» ҚР ҰКП съезінде сайланатын болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:

- Ұлттық палатаның басқару органдары туралы;

- Ұлттық палатаның қызметін реформалау туралы;

- Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы;

- Басқа мәселелер.

Шара Нұр-Сұлтан қаласы Сауран көшесі, 44 мекенжайындағы «Конгресс- орталығында» өтеді.