Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді.
100 мыңнан аса тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.