09 нау, 2022 сағат 17:20

Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болды


Рахат Тоқбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР қаржы министрінің бұйрығы бойынша, Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, "Тұран" университетін бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастаған.

1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.

2007-2013 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

2013-2021 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.