27 қар, 2022 сағат 10:25

"Рахат" фабрикасының қызметкері қолы жұлынып қалғаны үшін қомақты өтемақы алды


Алматылық заңгер Анна Димитриевич Instagram желісіндегі парақшасында "Рахат" кондитерлік фабрикасының зардап шеккен қызметкеріне қатысты даудың соңы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Адвокат бұл дау бітімгершілікпен жолмен шешілгенін атап өтті. Олар сотқа жүгінгенбеген.

"Әйел протез және емделу үшін 30 миллион теңге өтемақы алды, зауыт болашақта екі ұлының еліміздің кез келген университетіндегі оқу ақысын төлеп береді. Сонымен қатар протездеуден кейін ол зауытта жұмыс істей алады", - деп жазды Димитриевич.

Еске салайық, 2021 жылдың соңында жұмыс орнында әйелдің қолы жұлынып қалған болатын.