Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші фазасының аралық нәтижелері бойынша ешқандай кері әсер байқалмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осындай мәлімет келтірді.
«Қазақстандық вакцина сынағының бірінші және екінші фазасы бойынша кері әсерлерді байқаған жоқпыз. Тек ісу белгілері байқалды. Вакцина салған жер әлсіз ісінсе керек. Жалпы біздің хаттамаларда тіркелген осындай ғана сәттер бар. Күрделі жағдайлар байқалған жоқ. Үшінші фазаның аралық зерттеулері бойынша да әзірге еріктілердің жағдайы қанағаттанарлық. Кері әсерлерді көріп отырған жоқпыз», - деді институт басшысы.