20 қаң, 2023 сағат 17:10

Пя Назарбаевқа жасалған операция туралы айтты

Фото: Алексей Никольский / ТАСС

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы хирургия бөлімінің директоры Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған ота туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Операция былтыр жоспарланған болатын. Оның бос болмауына байланысты оған ыңғайлы болған кезде өткізуді шештік. Бүгін операция жасауды ұйғардық.

Әрбір адам ақпаратты жарияламауға құқылы. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше тұлға болғандықтан, сұрақтардың бір бөлігіне жауап бере аламыз. Бүгін болғаны - жоспарланған операция. Ол сәтті өтті. Бізде мақтануға тұрарлықтай нәрсе бар. Ел медицинасына деген сенім азаматтарда ғана емес, ел басшылығында да бар", - деді Юрий Пя кардиохирургия орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы. Ота шамамен 2,5 сағатқа созылған.