25 ақп, 2022 сағат 21:01

Путин Украинамен келіссөз жүргізуге дайын – Кремль


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Минскіге украиналық тараппен келіссөз жүргізу үшін делегация жіберуге дайын екенін хабарлады, деп жазды Sputnik Қазақстан порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ресейлік делегация құрамында қорғаныс министрлігі, сыртқы істер министрлігі және Кремль әкімшілігінің өкілдері болады.

"Зеленский Украинаның бейтарап статусын талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бастапқыда Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға көмектесу, соның ішінде Украинаны демилитаризация және денацификация жасау арқылы көмектесу екенін айтты. Ал бұл, шын мәнінде, бейтарап статустың ажырамас бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді ол.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Путинге Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін және келіссөзге қатысушылардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасауға дайын екенін жеткізді, деді Песков.