© AFP 2022 / STRINGER
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" жарияланғаннан кейін көрші елдерге кеткен ресейліктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
"Бұл жағдайға эмоциямен емес, заң тұрғысынан баға бергенді жөн көремін. Әрбір нақты жағдайда нақты азаматтың әрекетіне құқықтық баға беру керек. Біреу қорыққаннан кетіп қалды, енді бірі мобилизациялан жалтармақ болды. Әрбір нақты жағдайға құқықтық баға беріп, осы негіз бойынша ғана әрекет ету керек", - деді Путин Орталық Азия Ресей саммитінен кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Ресейде "ішінара мобилизация" жарияланған күннен бастап Қазақстанға келетін ресейліктердің саны күрт өскен болатын.