01 сәу, 2021 сағат 11:05

ПТР анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы еліне депортацияланды

2021 жылдың 31 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді.

5 164 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 5 135 адам, анықтамасыз 29 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 504 жолаушы, анықтамамен – 2 487, анықтамасыз – 17;

- Шымкент қаласының әуежайына – 12 рейс, барлық 1 352 жолаушы анықтамамен келген; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 568 жолаушы, анықтамамен - 557; анықтамасыз - 11.

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 292 жолаушы анықтамамен келген.

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 240 жолаушы анықтамамен келген;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 70 жолаушы анықтамамен келген;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 137; анықтамасыз - 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест тапсырып, стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 

Анықтамасыз келген 15 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, 26 наурызда Душанбе – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.