02 сәу, 2021 сағат 09:37

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді.

4 685 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 4 675 адам, анықтамасыз - 10 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде: 

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген;

- Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 009 жолаушы анықтамамен келген; 

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 59 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 

Анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, 31 наурызда Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.