Әлдекімдер Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанованың атынан Instagram-да парақша ашып алған. Бұған байланысты Астана прокуратурасы арнайы мәлімдеме жасапты.
Instagram әлеуметтік желісінде aijan.aimaganova атты парақша анықталды (парақша 15 000 мыңнан астам жазылушы жинады).
Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.
Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған: "Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!".
"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - дейді прокуратура өкілдері.