27 жел, 2021 сағат 16:26

Президенттік кадр резервінен өткендердің қаншасы өз бетімен жұмысқа орналасты?

фото: Tengrinews.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттік Жастар кадрлық резерві мүшелерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінге дейін Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған жастардың 63%-ы жұмыспен қамтылған. Қалғандарының өз жұмыстары бар. Олар біз ұсынған лауазымдардан бас тартты. Жалпы, олардың көбінде жұмысы бар», - деді агенттік басшысы. 

Сондай-ақ ол кадрлық резервтегі жастар 5 жыл бойы агенттіктің назарында болатынын түсіндірді.

«Оның үстіне олар резервте бес жыл болады. Яғни, әлі уақыт бар. Біз бұл бағытта әлі де жұмыс істейміз. Осы уақыт ішінде ұсынылған жұмыстардың бірін таңдап жатса, жұымысқа орналастырамыз. Көп жағдайда өздері бас тартады. Өйткені бұрыннан жақсы жұмыстары бар. Мысалы, кейбірі Астана халықаралық қаржы орталығында, «Халық банкте» жұмыс істейді», - деді Анар Жайылғанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.