31 қаң, 2022 сағат 13:38

Президентке қатаң, бірақ орынды шешім қабылдауға тура келді – Дмитрий Останькович


«Радима» Беларусь мәдени орталығының төрағасы Дмитрий Останькович Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат барысында орын алған қайғылы оқиғаларға, елдегі мұнан арғы саяси және әлеуметтік реформаларға, сонымен қатар Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынасына байланысты барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды бірқатар сауалға жауап берді. Қаңтар айының басында еліміз өте ауыр төтенше жағдайға тап болды. Оның еңсеру және тиімді шешу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына барынша қатаң, бірақ уақытылы әрі орынды шешім қабылдауға тура келді», - деді ол. 

Беларусь мәдени орталығы төрағасының атап өтуінше, заңға сай бастамаларды қолына алып, ахуалды толық бақылауында ұстады. 

«Осынау күндері Қазақстанның миллиондаған азаматы Президенттің телеарналар арқылы үндеуін қыбыр етпестен тыңдадыжәне оның сөзі мен ісінен сенімдері оянды. Бүгінде біз елімізде ешкімнің де заңсыз жаулық пен үрей тудыра алмайтындығына нық снімдіміз. Мен Мемлекет басшысының елді одан ары әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысты ұсынған іс-шараларын толығымен қолдаймын. Әрбір қазақстандық өзінің жасампаз еңбегімен Тәуелсіз Қазақстаның одан әрі гүлдене беруі үшін бар күш-жігерімен үлес қосуы тиіс деп санаймын», - деді Дмитрий Останькович.