Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, журналист, аудармашы Мархабат Байғұттың дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Болмысы бекзат, бітімі бөлек, жазуы ерек, жаны жайсаң, алашқа ардақты, қалың қазаққа қадірлі қаламгер Мархабат ағаны ақтық сапарға, мәңгілік мекеніне шығарып салдық. Қаралы қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көңіл айту сөзін жеткіздім", – деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбук парақшасында.