Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу арқылы сәуір айында жағдайды күрт өзгертуге тиіс. Еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу арқылы сәуір айында жағдайды күрт өзгертуге тиіс. Барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңіздің, ата-аналарыңыз бен жақындарыңыздың сақтығы үшін қажет», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Мемлекет басшысының айтуынша ҚХР, Израиль, БАӘ тәжірибесі екпе ектірудің ойластырылған стратегиясы мен локдауннан шығу ғана азаматтарымыздың күнделікті өмірін қалпына келтіруге және экономиканың барлық секторының, оның ішінде, пандемиядан зардап шеккен салаларды қайта жандандыруға жол ашатынын көрсетіп отыр.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді.