27 қыр, 2022 сағат 15:24

Президент Түркістан облысының әкімімен бірге жаяу серуендеді


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімімен бірге жаяу серуендеп, өңірді дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті.

«Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі», - деді Мемлекет басшысы.