Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірнеше қазақстандықты марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығы бойынша аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
- I дәрежелі "Барыс" орденімен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман;
- IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы;
- "Парасат" орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай;
- "Парасат" орденімен Мәдениет және спорт министрлігі "Қазқайтажаңарту" РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко;
- "Шапағат" медалімен "Қызыл-Әскер" жалпы орта мектебі" КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.