07 ақп, 2020 сағат 16:35

Президент тапсырмасы орындалуда

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауына шығарылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев Facebook-те жазды.

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа Заң әзірлеуді тапсырды. Бүгін біздің Министрлік «Ашық Үкімет» сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды. Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады», - деді министр.

Енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін сайтта қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылатын болады.

«Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын», - деді Д.Абаев.