Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар еңбек ардагерін мемлекеттік наградамен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
- "Парасат" орденімен Шымкент келбеті" – "Панорама Шымкента" газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов;
- "Құрмет" орденімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ә.Марғұлан атындағы археология институты" РМК бас директоры Бауыржан Әбішұлы Байтанаев;
- "Құрмет" орденімен Шымкент қаласы "№2 қалалық аурухана" МКК дәрігері Есенгелді Ибрагимұлы Бегешев;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ спортшысы Ксения Александровна Хан;
- "Шапағат" медалімен Шымкент қаласы "№89 IT мектеп-лицей" КММ тәрбиешісі Әсем Мұхтарқызы Үсенова наградталды.