05 қаз, 2022 сағат 18:06

Президент Павлодар өңірінің бірқатар азаматын марапаттады


Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 4 қазандағы Жарлығы бойынша:

  • "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" РМК директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов "Парасат" орденімен;
  • "Жоғары спорттық шеберлік мектебі" КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов "Құрмет" орденімен;
  • Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова "Құрмет" орденімен";
  • "Қазақстан алюминийі" АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен;
  • "Қазақстан" РТРК" АҚ меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды.