Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.