27 қыр, 2022 сағат 14:53

Президент: Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру


Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты. Іс-шара соңында жастармен тілдескен Президент Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.

«Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру», – деді Президент Түркістан жастарына.