Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:
- ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
- Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
- "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;