17 ақп, 2022 сағат 12:15

Президент Маңғыстау облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. 

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді», деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.