Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев кесененің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Президент жұмыс сапарымен Түркістан облысына барғаны хабарланған болатын.