10 қаз, 2022 сағат 18:52

Президент екі заңға қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша түзетулерге, сондай-ақ ЕЭК кадр құрамын қалыптастыру жөніндегі заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.