16 там, 2019 сағат 15:06

Президент: Білім министрі қаржы министрінен кейін тұруы керек

Білім беру саласы Үкімет қызметінің басым бағыты болу керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоаев осылай деп мәлім етті.

«Ата-аналар балаларына сапалы беру үшін барлық отбасылық ресурсты үнеммен жұмсайды. Мемлекет сапалы білім берудің қолжетімділігі бойынша ата-аналарға көмектесуі керек.

Үкімет білім беру саласына өз қызметінің басым бағыты ретінде қарауы керек. Дамыған елдердің бәрінде осылай. Бірнеше мемлекетте білім министрі министрлер рейтингінде қаржы министрінен кейін алдыңғы үштікте тұратынын білемін. Біз де оған жетеміз деп ойлаймын», - деген Мемлекет басшысы жасанды интелект туралы өз пікірін білдірді.

«Қазір жалпы ішкі өнімнің өсімін зияткерлік қызметтер секторы беріп отыр. Бұл айқын тенденция. Келешекте әлемді жасанды интеллект басқаратын болады. Ол кезең қыр астында тұр. Біздің көз алдымызда болатын құбылыс бұл», - деді Президент.