Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен биылға арналған жоспарын баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына «Ардагерлер ұйымы» да атсалысып жатқаны туралы айтылды.
Сонымен қатар республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсыныс берді.