08 ақп, 2022 сағат 14:45

Президент АЭС туралы: Бізге атом энергиясы қажет


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде АЭС салу мүмкіндігі туралы пайымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістерге тап болдық. Ең жарқын мысал - жақында елдің оңтүстігінде электр қуатын өшірумен байланысты болды. Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз», - деген Мемлекет басшысы елдің энергетикалық қауіпсіздігі проблемасын шұғыл шешу керектігін баса айтты.

«Жауапты адамдардың атом станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап беруден неліктен қашқақтайтынын түсінбеймін. Турасын айту керек: таза атом энергиясынсыз біз инвестициялар туралы айтпағанда, бүкіл экономикамызды жоғалтып аламыз, өңірлік көшбасшылығымызды жоғалтамыз», - деген Президент мәселенінің мәніне тереңдеп бармайтын, популистердің сөзіне ермеу маңызды екенін еске салды.

«Бізге электр қуаты, әсіресе таза атом энергиясы аса қажет. Экономикалық ахуалдан хабары жоқ популистердің сөзіне ермейік. Атом энергетикасының мәнін кәсіби деңгейде түсіндіру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.