Жаңа Қазақстанда «Түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» пікірін ұстануымыз керек Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта планетада жойқын геосаяси дауыл басталды. Сондықтан біз егемендікті және мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауға, халқымыздың түпкі мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағытты ұстануымыз керек. Міне, ең маңызды міндет осы. Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайтуға, елімізді трансформациялауға жұмылуымыз керек. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз», - Президент.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы қазір саяси тосқауылдарды көтеретін, әр себеп бойынша митингілер ұйымдастырып, күмәнді шешімдерді талап етіп, үзілді-кесілді талаптар қоятын, өз міндеттерін орындайтын полиция қызметкерлеріне бас салатын кез еместігін айтты.
«Қаңтардағы қайғылы оқиғалар біздің еліміздің беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді. Мұны мойындау керек. Ретсіз саяси реформалар мемлекеттің әлсіреуіне, оның егемендігі мен тұтастығы үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұған әлем тарихындағы бұрыннан келе жатқан және жақында болған көптеген мысалдар бар: кей елдер өз территориясының үлкен бөлігін жоғалтты, хаос пен анархияның иіріміне батты. Жаңа Қазақстанды құру бағыты елдің даму парадигмасын өзгертуге бағытталған. Біз әр қадамды ойластырып, белгіленген жолмен нық жүреміз. Жаңа Қазақстанда «Түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» пікірін ұстануымыз керек», - деді Тоқаев.