Петропавлда белгісіз ер адам көпқабатты үйдің маңында ит сойған. Қазір полиция ер адамның кім екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін әлеуметтік желіге Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 351 үйдегі тұрғындардың бірі жантүршігерлік бейнежазбаны жүктеді. Автордың айтуынша, ер адам көпқабатты үйдің терезелерінің алдында итті сойып, мүшелеген. Ол бейнежазбаға тиісті органдардың назарын аударып, шара қолдануын сұрады.
Петропавл қалалық полиция басқармасы бейнежазбаға байланысты жауап берді.
«Егер сіздер қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, ол жайында «102» жедел арнасына хабарлауыңыз қажет. Жарияланған бейнежазба және фото бойынша айтарымыз, бұл дерек Петропавл қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта ер адамның және басқа да қатысушылардың жеке бастары анықталып жатыр», - делінген жауапта.