17 қар, 2022 сағат 09:36

Петропавлда әжесі үш айлық жиенінен бас тартты


Петропавлда 39 жастағы әйел басқа қалаға жұмысқа кеткен қызының сәбиінен бас тартып, 3 айлық баланы полиция инспекторына ұстатып жіберген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"15 қарашада Петропавл қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесіне қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны 3 айлық немересінің тағдырын шешуде көмек сұрап жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, баланың 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмысқа кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан өзінен баланы алып кетуді сұраған.

Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мекенжайға барып қажетті актіні толтырды, кейін қыз бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасына орналастырылды" - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтап жатыр. Оған қатысты ата-ана міндетін тиісті орындамау туралы мәселені комиссиялық жолмен қарау арқылы әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.