03 там, 2022 сағат 17:35

Пелоси мінген ұшақ Тайваньнан кетті


АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньнан ұшып кетті. Тайбэй халықаралық әуежайынан тікелей эфирді Reuters агенттігі ресми YouTube-арнасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Пелоси мінген ұшақ Тайбэй халықаралық әуежайынан ұшып, Оңтүстік Кореяға бет алды.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.