Полиция өзін-өзін өлтіруге жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыз бала жергілікті оқу орнында білім алған.
Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының біріне қарасты жатақханадан студент қыз өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіні шарлап кетті.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.
«2024 жылғы 20 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында әпкесі мен інісі өзіне қол жұмсағанын жазған едік.