Фото: Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды. Тағы бір баланы күйік шалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 9 тамыз сағат 10:29-да Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылында жекеменшік үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнында 2 техника мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шегіп, 1-2 дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызу қажет болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған бүлдіршін қайтыс болды.
Балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасы сегізінші баласын күтіп отыр", - делінген хабарламада
Өрт сағат 11:45-те оқшауланып, сағат 12:15-те толық сөндірілген.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.