19 мам, 2021 сағат 14:05

Павлодар облысында аса ірі көлемде марихуана тәркіленді


Екібастұз қаласында арнайы операция барысында есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Toyota Carina» маркалы автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет пен үш брикет алды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Күдікті, Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны қамауда отыр.