07 қаз, 2022 сағат 09:57

Павлодар облысында 6 жыл өз қызын зорлаған ер адам сотталды


Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Павлодар ауданының тұрғыны кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын мәлімдеді. 

"Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады", - деп жазылған хабарламада. 

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалармен дәлелденді. 

Сотталушы өзі кінәсін мойындамады.