14 қыр, 2022 сағат 17:08

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", -  деп жазылған Өкім мәтінінде.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.