Сенат пен Мәжіліс депутаттары Парламент палаталарының бірлескен комиссиясын құрды.
Бірлескен комиссия Парламенттің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша депутаттардың ұсыныстарын қарау үшін құрылды. Парламентшілер бірлескен отырыста бірлескен комиссия аясында осы жұмыспен айналысатын сегіз депутатты сайлады.
Мәжілістен комиссия құрамына: Арман Қожахметов, Сауытбек Әбдірахманов, Айқын Қоңыров және Азат Перуашев кірді.
Сенаттан: Владимир Волков, Ақмарал Әлназарова, Ерік Сұлтанов және Ақылбек Күрішбаев.
Парламент палаталарының бірлескен комиссиясын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов басқарады.