Фото: Алматы әкімдігі
Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының тағы бір легі елге оралды. Олардың арасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Демеу Жадыраев та бар, деп хабарлайды Kazinform.
Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды.
Фото: Алматы әкімдігі
Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті. Аса тартысты өткен жарыста Демеу Жадыраев 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді.
Финалында отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Демеу Жадыраев биыл 34 жаста.