07 жел, 2021 сағат 18:19

Пандемия кезінде инвесторлар Қазақстандағы қай салаға қызығушылық танытты?


Шетелдік инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жоғары қызығушылық танытып отыр. Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан біздің портфельде ауыл шаруашылығы жобалар баршылық. Бұл заңды құбылыс, себебі Қазақстан әлемде ауыл шаруашылығы әлеуеті ең жоғары елдердің қатарында», - деді Мейіржан Юсупов. 

Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты жағдай салдарынан осы салаға ерекше қызығушылық байқалып отыр. 

«Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігіне орай осы салаға инфевсторлар елеулі мән беріп бере бастады», - деді деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында.