Өзбекстан парламенті конституцияға түзетулерді талқылауды 15 шілдеге дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Олий Мажлисінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Заң шығару палатасы "Өзбекстан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын жалпыхалықтық талқылау мерзімін 15 шілдеге дейін (10 күнге - еск.) ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Жокаргы Кенес депутаттарымен және Қарақалпақстан жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде барлық ұсынысты ескеру қажет екенін атап өткені айтылды.
"Яғни, Өзбекстан конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптары өзгеріссіз қалдырылып, қолданыстағы нормалар сақталады деп көрсетілген", - деп түсіндірді заң шығару палатасы өкілдері.