14 ақп, 2020 сағат 08:14

Өткен жылы 24 мың қазақстандық жол-көлік оқиғасынан зардап шекті

2019 жылы 24 мың қазақстандық жол-көлік оқиғасынн зардап шеккен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 16 614 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан 24 585 адам зардап шеккен. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол апаты 5% өскен», - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 871078 жеңіл көлік тіркелген. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3% көп. 2020 жылдың қаңтар айында 3776,9 мың жеңіл көлік тіркелген.

2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары 29,7 млрд теңгеге 74 914 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.