5 сәуірінде Қазақстан аумағына 22 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
2 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 886 адам, анықтамасыз 29 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 324 жолаушы, анықтамамен - 1 316, анықтамасыз - 8;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 816 жолаушы, анықтамамен - 795, анықтамасыз - 21;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 345 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 144 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 134 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.