2020 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 77 адамның коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сондай-ақ, пневмониядан 7 адам қайтыс болды, 30 адам сауығып кетті.
Елімізде 1 тамыздан бастап коронавирус белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны 29 658 адамды құрап отыр. Аталған аурудан барлығы 328 адам қайтыс болып, 6 853 науқас таза айыққан.